Алматы тұрғыны зейнеткерлерге тегін нан таратып жатыр

Ulysmedia
Фото: ашық дереккөз

Акция Тимирязев көшесінде өтіп жатыр, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

inalmaty.kz-ның мәліметінше, зейнеткерлерге тегін нанды Батыр есімді алматылық (суретте қызыл күртешеде) беріп жатыр.

Бір жәшік нан мандариндер мен тәтті сыйлықтар сатылатын дүкеннің бұрышында тұр. Ол қарапайымдылық танытып, тілші сұрақтарына жауап бермеді.

«Игі іс жарияламай жасалады», - дейді ол.