Жұмыс 08:00-де басталады: Өскемен өз уақытына көшіп алды

Сырым Қаржас

Жаңа жұмыс уақыты Шығыс Қазақстан облысының орталығында бүгіннен бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Өскеменде енді жұмыс күні сағат 08:00-де басталып, кешкі 17:30-да аяқталады. Түскі үзіліс 12:00-13:30 аралығы. Өскеменнен бөлек облыстағы барлық қала, аудандар да өз жұмыс уақытына көшкен.

Еске салайық, бұған дейін Шығыс Қазақстанның Тарбағатай, Зайсан, Күршім, Самар, Марқакөл және Үлкен Нарын аудандарында жұмыс уақыты ресми түрде өзгерген болатын. 

Енді бұл аудандарда жұмыс күні таңғы 08:00-де басталып, кешкі 17:30-да аяқталады. Түскі үзіліс 12:00-ден 13:30-ға дейін аралығында болады.