Ауа райының нашарлауына және қарлы боран қаупіне байланысты БҚО Төтенше жағдайлар департаменті 4 қаңтар күні сағат 18.45-тен бастап бірқатар жолдар жабылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, республикалық маңызы бар «Атырау-Орал» (492-189 шақырым), «Самара-Шымкент» (195-526 шақырым), «Подстепное – Федоровка – РФ шекарасы» (3-144 шақырым) учаскелерінде көліктің барлық түрі үшін көлік қозғалысы жабылды.