Минус 9 градус: Қазақстанда күн суытады

Ulysmedia

Қазгидромет еліміз бойынша 2021 жылғы 23-25 қыркүйекке арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

фото: Ашық дереккөзден

«Салқын Атлантикалық антициклон шығысқа қарай баяу жылжып, Қазақстанның басым бөлігінде өзінің ықпалын сақтап қалады. Егер шеткі солтүстік және шығыс өңірлер төмен, бірақ оң ауа температурасын сақтаған циклонның қорғауында қалса, онда кезең ішінде антициклон оны республикадан тыс жерлерге ығыстыра бастайды. Сонда ауа райы жауын-шашынсыз әрі ауа температурасы төмен болады. Түнде еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында термометр 1-9 градусқа дейін төмендейді. Тек республиканың батысында атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауып, жел күшейеді», - дейді синоптиктер.