9 жылдан бері іздеуде жүрген адам ұшақтан түскен бойда ұсталды

Сымбат Сатыбалдина
Видео кадры

ШҚО-да іздеуде жүрген қылмыскер әуежайда ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Шығыс Қазақстан облысында 2016 жылдан бері іздеуде жүрген 38 жастағы ер адамды әуежайда ұсталды.

Ол жалпы сомасы шамамен 5 миллион теңгеге алаяқтық жасаған деген күдікке ілінген.

ЖАСЫРЫНЫП ЖҮРГЕН

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, күдікті біреудің қаражатын сеніміне кіре отырып оған қиянат жасаумен иемденгені үшін іздестірілген. Осы жылдар ішінде ол әділ соттан жалтарып, тұрғылықты жерін жиі ауыстырып отырған және қоғамдық орындардан әдейі бой тасалап жүрген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктіні Өскемен қаласына ұшып келген сәтінде, ұшақтан түскен бойда ұстады.

ТЕРГЕУ

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.