Қайтарылған активтердің қаражаты есебінен Жамбыл облысында дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Үкімет Жамбыл облысының Қордай және Талас аудандарында екі дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстарын аяқтауға Арнаулы мемлекеттік қордан 319,5 млн теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Онда тәулігіне 45 келушіге қызмет көрсетіледі.
Нысандар «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» бағдарламасы аясында салынуда. Бағдарлама бойынша өңірде 30 нысан құрылысы жоспарланған, оның 28-і пайдалануға берілді. Қалған екеуі биыл тапсырылады.
Ұлттық жоба шеңберінде Қазақстанда 655 жаңа мекеме – медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар құрылысы жоспарлануда. Қазіргі уақытта 467 нысанда жұмыс аяқталды. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету мекемелерін салуға және ауруханаларды реконструкциялауға қаражат республикалық бюджеттен бөлінеді. Сонымен қатар қаржыландыру Арнаулы мемлекеттік қор есебінен жүзеге асырылады.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін премьер-министр Олжас Бектенов офшорлық аймақтардан және басқа да шетелдік юрисдикциялардан капиталды қайтару үшін рақымшылық жасауға қатысты депутаттық сауалға жауап беріп, үкімет оффшордан ақша қайтарудың жаңа жолын қарастырып жатқанын мәлімдеген болатын.