Батыс Қазақстан облысында жеке үйден өрт шығып, бес бала қаза болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Бүгін Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің 112 пультіне Сырым ауданы, Жымпиты ауылында Сағырбаев көшесінде жеке тұрғын үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына қоңырау түскеннен кейін 5 минуттан кейін келді. Келгеннен кейін үйде 30 шаршы метр аумақта ашық жалынмен жеке заттар мен жиһаз жанып жатқан.
БЕС БАЛАНЫҢ ӨЛІМІ
Құтқарушылар бес баланы ес-түссіз күйде тапты. Өкінішке қарай, балалар ауруханада қайтыс болды.
Өрт толығымен жойылды. Жергілікті жерде БҚО ТЖД күштері мен құралдары жұмыс істеуде.
Оқиға орнына ТЖД басшылығы, зерттеу-сынақ өрт зертханасы, анықтау бөлімі және ТЖ департаментінің психологы шықты.