Тоқаев Алматыдағы жетім балаларды Қонаевқа көшіруді тоқтатуды тапсырды

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы балалар үйі тәрбиеленушілерін көшіру туралы шешімді тоқтатуды тапсырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады. 

«Бағанашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілерін Алматыдан Қонаев қаласына көшіруге байланысты жағдаймен танысқан Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыға оқушылардың оңтүстік астанада білім алуын жалғастыру үшін балалар үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізуді және аталған нысанды қаланың балансына алуды тапсырды.

- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, балалар үйі көшірілмейді. Аталған жағдайға байланысты Президент Әкімшілігі қызметтік тексеріс жүргізеді, дейді Руслан Желдібай. 

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заң шеңберіндегі барлық құқығы толық сақталады.

БАЛАЛАРДЫ КӨШІРУ

Бұған дейін Алматыда жетім балаларды Қонаевқа күштеп көшіріп жатқаны туралы хабарлаған едік.