НАТО Ресей шекарасына 13 елдің әскерін жинамақ

Ulysmedia
Фото: m.zerkalo.az/

Грузия аумағында 25-ші шілде мен 6-шы тамыз аралығында Аgile Spirit 2025 халықаралық әскери жаттығулар өтетін болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Грузия бұл жаттығуларға он екінші рет қатысып жатыр. Бірақ кейінгі екі жылда алғаш рет қатысып отыр. Бұл туралы Грузияның Қорғаныс министрлігі хабарлады. Оқу-жаттығудың мақсаты дайындық деңгейін арттыру, қатысушы елдер қарулы күштерінің үйлесімділігі мен жедел мүмкіндіктерін нығайту екені айтылды.

Аgile Spirit 2025 халықаралық әскери жаттығулары Грузия аумағымен қатар, Түркия территориясында да өтеді.

Әсери жаттығуға кімдер қатысады

Жаттығудың грузин бөлігін Грузия қарулы күштерінің батыс қолбасшылығы мен Джорджия штатының ұлттық гвардиясы (АҚШ) бірлесіп үйлестіреді. Жаттығуға Грузия, АҚШ, Түркия, Польша, Германия, Италия, Греция, Молдова, Румыния, Болгария, Словакия, Литва және Украина сарбаздары қатысады. Байқаушы ретінде Армения мен Жапония қарулы күштерінің өкілдері қатысады.