Әкімдіктің бұрынғы қызметкерлері бюджеттің 46 млн теңгесін жымқырған

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысында әкімдіктің бұрынғы қызметкерлері мемлекет бюджетінен 46 млн теңгеден астам қаражат ұрлаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

3 ақпанда сот қызмет бабын пайдалана отырып, алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адамдарды аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлау ісі бойынша үкім шығарды.

Сотта бұлтартпас айғақтардың болуына қарамастан, үш айыпталушы жасаған қылмыстары бойынша өз кінәларын мойындамай, жасаған қылмысына өкінген жоқ.

ДӘЛЕЛ

Осыған қарамастан, мемлекеттік айыптау тараптар «K», «T», «Д» алдау және сенімге қиянат жасау арқылы мемлекетке 46 млн теңгеден астам шығын келтіріп, мүлікті ұрлағанын дәлелдеді.

СОТ ҮКІМІ

Петропавл қалалық соты прокуратураның пікірімен келісе отырып, оларды 6,6 жылдан 6,8 жылға дейінгі мерзімге нақты бас бостандығынан айыруға соттап, олардан келтірілген материалдық шығынды өндіріп алды. 

Үкім заңды күшіне енді.