Алматыда 11 бала хлор буына уланып қалды

Ulysmedia

Бассейннен кейін түшкіріп, тамағымыз жыбырлады деп шағымданған он бір бала алматылық ауруханалардың біріне жатқызылды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

фото: Ашық дереккөзден

«Жедел жәрдем бригадалары түшкіріп, тамағымыз жыбырлады деп шағымданған балаларды Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына жеткізді. Олар хауыздағы жаттығулар кезінде хлор буына уланып қалған. Балалардың жасы – 12-14 жас», - деді Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Ведомство мәліметінше, қазір зардап шеккендердің халі тұрақты. Алмалы ауданының санитар дәрігерлері аталған факт бойынша тергеу жүргізіп жатыр.