Ақтөбеде 15 жастағы футболшы қайтыс болды

Сырым Қаржас
Фото: "Ақтөбе" ФК

12 қазанда 15 жастағы футболшы Арон Мұса қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

«Ақтобе» футбол клубының баспасөз қызметінің мәліметінше, жас футболшы Арон бауыры және әжесімен бірге қайтыс болған. Үшеуі де газдан уланған.

Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, үйде өрт болған жоқ, бірақ үш адамның мәйіті табылған.

– Газ жабдығына техникалық зерттеу жүргізіліп жатыр, оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, – деп мәлімдеді Ақтөбе облыстық полиция департаменті.

БҰҒАН ДЕЙІН

2025 жылдың сәуір айында Жамбыл облысында да үш бала угар газынан уланып көз жұмған еді. Тексеру кезінде үйде газ шығару жүйесінің орнатылуы кезінде өрескел қателіктер кеткені анықталды.