Ақтау қаласында газ жарылып, бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Оқиға 28 қазан күні 32в шағын ауданында орналасқан «Асия» тұрғын үй кешенінде болған. Жертөле қабатындағы сервис орталығында газ-ауа қоспасы жарылған.
Оқиға орнына Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің 15 қызметкері мен 5 техникасы, сондай-ақ апаттар медициналық орталығының бригадасы жетті.
ӨРТ СӨНДІРІЛДІ
Құтқарушылар келген кезде газ-ауа қоспасының жарылысы мен одан кейінгі жану фактісі анықталды. Өрт толық сөндірілді, оқиғаның себептері анықталуда.
ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР
Жарылыс толқынының әсерінен жертөле және бірінші қабаттағы пәтерлердің терезе конструкциялары, көрші құрылыс алаңының шамамен 10 метрлік тас дуалы және бірнеше автокөлік зақымданды.
Оқиға салдарынан 5 адам зардап шекті, олардың барлығы Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді