Түркістан облысында 9 мың үй газсыз қалды

Сырым Қаржас
Фото: pexels

Түркістан облысында жер асты газ құбырынан ақау шығып, 9 мыңнан астам абонент газсыз қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

QazaqGaz Aimaq компаниясының мәліметінше, апат жоғары қысымды, диаметрі 400 миллиметрлік газ құбырында болған. Бұл құбыр «Мақтаарал» газ тарату стансасын Мырзакент ауылымен жалғайды.

Мамандар жерді қазып, тексеру кезінде құбырдың бір қосылған тұсында герметизация бұзылғанын анықтаған. Қауіптің алдын алу мақсатында апаттық бригада стансадан кейінгі бөлікке дейін газ беруді тоқтатып, задвижканы жапқан. Соның салдарынан бір ауыл мен тағы 32 елді мекенге уақытша газ беру тоқтатылды. Нәтижесінде шамамен 9 мың абонент, соның ішінде коммуналдық және өнеркәсіптік нысандар газсыз қалды.

КОНТЕКСТ

Компания өкілдері жөндеу жұмыстары тәулік бойы жүріп жатқанын хабарлады. Газ беруді апатты жер толық қалпына келтірілгеннен кейін бірден қайта қосу жоспарланып отыр.