Жүкті әйелдер арқылы 217 миллион теңгені қалтасына басқан адам ұсталды

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Шымкентте заңсыз әлеуметтік төлемдер бойынша қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қала прокуратурасы әлеуметтік төлемдердің тағайындалу заңдылығына жүргізген талдау нәтижесінде «У» есімді азаматшаның заңсыз іс-әрекетін әшкереледі. 

Талдау барысында аталған азаматша жеке кәсіпкерлердің электрондық цифрлық қолтаңба кілттерін пайдаланып, жүкті әйелдерді кәсіпорындарға жалған жұмысқа орналастырғаны анықталды. 

Әрі қарай ол жүкті әйелдердің атына заңсыз түрде әлеуметтік төлемдерді рәсімдеп, белгіленген қаражатты өз қажеттілігіне жұмсаған. 

Заңсыз іс-әрекеттің салдарынан мемлекетке 217 млн тг көлемінде шығын келтірілген. 

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС

Аталған факті бойынша ҚК-тің 190-бабы 4-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркеліп, Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне әрі қарай тергеп-тексеру үшін жолданды. 

Қазіргі уақытта істің мән-жайын толық анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.