Түркістан облысында полиция қызметкері ұсталды

Сырым Қаржас
Primeminster.kz

Түркістан облысы полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы ҰҚКД-мен бірлесіп, құқыққа қайшы әрекеттер жасады деген күдікпен аудандық полиция бөлімінің қызметкерін ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

ТЕРГЕУ

Бұл факт бойынша болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

ЖҰМЫСТАН ҚУЫЛДЫ

Осы ретте Полиция департаментінде тәртіптік комиссияның отырысы өткізіліп, оның шешімімен қызметкер теріс себептермен ішкі істер органдарынан шығарылды. Сондай-ақ басқа жауапты лауазымды тұлғаларға қатысты қызметтік тексеру жүргізілуде.

- Өңірдің Полиция департаменті өз қатарларын мұндай арам пиғылды қызметкерлерден тұрақты негізде тазарту, қызметтік тәртіпті нығайту және жеке құрам арасында заңдылықтың мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды үздіксіз және жүйелі түрде іске асыратынын мәлімдейді, делінген хабарламада.