Батыс Қазақстан облысында Чапай – Жаңақала – Сайқын автожолында Toyota Camry мен Volkswagen Sharan көліктері бір-біріне қарсы келіп соқтығысып, көліктің бірі өртеніп кетті. Қайғылы оқиға салдарынан сегіз адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бүгін облыстық маңызы бар Чапай – Жаңақала – Сайқын бағытының 50-шақырымында ауыр жол апаты болды. Toyota Camry мен Volkswagen Sharan қарама-қарсы бағытта келе жатып соқтығысқан. Қатты соққыдан кейін көліктің бірі толығымен жанып кетті.
Оқиға орнында сегіз адам қаза тапты, тағы төрт жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Полицияның алдын ала болжамынша, жүргізушілердің біреуі қарсы жолаққа шығып кеткен болуы мүмкін.
Оқиға орнына полиция, тергеу тобы және төтенше жағдай қызметкерлері жұмылдырылды. Жолдың жағдайы мен ауа райы қалыпты болғаны, көріну жақсы болғаны анықталды.
Құзырлы органдар оқиғаның толық мән-жайы тергелетінін айтып, жүргізушілерді жол ережесін қатаң сақтауға шақырды.
- Жолаушылар отырған кезде кез келген ереже бұзушылық адам өміріне қауіп төндіреді, – деп ескертті ведомство.