Әкім: ШҚО-да экологиялық апат аймағы жарияланбайды

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Шығыс Қазақстан облысында экологияны жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов өңірдегі экологиялық ахуал туралы ОКҚ өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Әкімнің айтуынша, былтыр қоршаған ортаны қорғау жоспарын жүзеге асыруға күніне 3,9 млрд теңге бөлінгенү Ал биыл бұл көрсеткіш 5,3 млрд теңгеге дейін артқан, яғни өсім 35%.

- Экологиялық апат аймағы деп жариялау мәселесі қарастырылмайды. Біз жүйелі жұмыс істеп жатырмыз, – деді Сақтағанов.

Сонымен қатар, өңірде қазандық желілерін жаңарту, тазарту құрылғыларын салу және қайта құру, қоқыс полигонын қалпына келтіру, көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде.

- Біз бұл жұмысты жалғастырамыз. Өнеркәсіп кәсіпорындарын өз жүйелерін жаңартып, тиімділігін арттырып, жаңа сүзгілер орнатуға міндеттейтін боламыз. Жеке секторды орталық жылу жүйесіне қосу мәселелерін де шешеміз. Барлығы тиісті нәтиже береді, ал келесі 4-5 жылда біз мүлдем басқа экологиялық ахуалда өмір сүретін боламыз, – деді әкім.