Ақтөбеде ерлі-зайыпты өлі табылды

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

Ақтөбеде ерлі-зайыпты екі адам өлі табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ерлі-зайыпты Аманжол Алмағанбетов пен Гүлжахан Шектібаева 20 қарашада күндіз сағат 10.00-де шығып, оралмаған. 

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Полиция мәліметінше, әйел адамның денесінде зорлық белгілері болған. Полиция қылмыстық іс қозғады.

Одан кейінгі іс-шаралар барысында оның күйеуінің денесі де, өмір белгілері жоқ, асылып тұрған күйінде табылды.

Оқиға орнында тергеу-жедел тобы жұмыс жүргізіп жатыр: қажетті процестікәрекеттер жасалып, аумақ тексерілуде, заттай дәлелдемелер жинақталуда.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

Ерлі-зайыптының артында бес баласы қалды.