Астанада бір күнде екі адам жоғары қабаттан секіріп кеткен

Сырым Қаржас
gov.kz

Астанада бір күнде екі адам жоғары қабаттан секіріп кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Полиция департаментінің мәліметінше, 18 желтоқсанда полицияға «Хайвилл» тұрғын үй кешені аумағында мәйіттің табылғаны туралы хабарлама түсті.

Тексеру барысында ер адамның жеке басы анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол өзіне-өзі қол жұмсаған.

ТАҒЫ БІР МӘЙІТ

Сондай-ақ қаланың басқа аумағында елорда тұрғынының тұрғын үйдің 18-қабатындағы алаңнан құлап кеткені тіркелді. Бұл екі дерек бойынша да сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.