Катонқарағай ұлттық паркінің Аршаты орманшылығы аумағында орманшы Жомарт Аманбаев орнатқан фототұзаққа қар барысы түсіп қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұл Алтайдың асқақ таулары мен тұмса табиғатында мекендейтін, Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек жыртқыш.
- Қар барысының фототұзаққа түсуі — ұлттық парк аумағында табиғи тепе-теңдіктің сақталып, жануарлар дүниесінің қауіпсіздігін бақылау жұмыстарының нәтижелі жүргізіліп жатқанын көрсетеді. Мұндай бір сәтті кадр — орманшылардың тынымсыз еңбегі мен табиғатты қорғауға деген жанашыр көзқарасының айқын дәлелі, дейді парк өкілдері.
ҚАР БАРЫСЫ
Қар барысы – ең сирек кездесетін ірі жыртқыштардың бірі. Бұл жануардың «қар барысы» деп аталуы бекер емес: ол таулы аймақтарда, жыл бойы қар басып жататын биік таулы аймақта өмір сүретін мысықтар тұқымдасының жалғыз өкілі.
Қазақстанда қар барысы 1978 жылы Қызыл кітапқа енгізілген.