Атыраудағы аквапаркте 13 бала уланған: кәсіпкер қалай жазаланды?

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

Атырауда аквапарк иесіне балалардың хлордан улануына байланысты 1,8 млн теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Атырау қаласында балалар хлор буынан уланған аквапарк иесіне 1,8 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Оқиға кезінде 13 бала уланып қалған.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, оқиға биыл 13 шілдеде Palma аквапаркінде болған. Медициналық көмекке барлығы 14 бала жүгінген, олардың үшеуі облыстық және балалар ауруханаларына жатқызылған.

СОТ

Жеке кәсіпкерге қатысты желтоқсанда қозғалған қылмыстық іс аясындағы тергеу әрекеттері тоқтатылып, іс материалдары Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданған.