Павлодарда көшеден ер адамның мәйіті табылды

Ulysmedia

Павлодарда таңғы уақытта көшеден табылған ер адамның неден көз жұмғаны анықталып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 қаңтарда сағат 07:10-да қала полициясына Павлов - Бекмаханов көшелерінің қиылысында зорлық-зомбылық белгісі жоқ ер адамның денесі табылғаны туралы хабарлама түскен. 

«Аталған мекенжай бойынша жедел тергеу тобы шықты. Ер адамның жеке басы анықталды. Қайтыс болу фактісі бойынша сараптама тағайындалды», – деп хабарлады полиция.

Қазіргі кезде оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.