Қазақстанда тағы бір сарбаз қаза тапты

Сырым Қаржас
gov.kz

Жамбыл облысында қарумен жұмыс істеу кезінде мерзімді әскери қызметтегі сарбаз көз жұмды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бас прокуратураның хабарлауынша, қайғылы жағдай 27 қаңтарда болған. Әскери қызметшінің қаза табуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, оны ІІМ-нің әскери-тергеу органдары жүргізіп жатыр. Барлық мән-жайды анықтау үшін тергеу-жедел тобы құрылды. Тергеу ісі Бас прокурордың жеке бақылауына алынды.

Аймаққа Қорғаныс министрінің орынбасары, бас әскери прокурор және ІІМ Әскери-тергеу департаментінің басшысы жіберілді. Олар оқиға орнына барып, жағдайдың себептерін анықтауы тиіс.

Сонымен қатар, олардың тапсырмасымен еліміздегі барлық әскери бөлімдерде тексерулер жүргізіледі. Әсіресе әскери тәртіптің сақталуына және қауіпсіздік талаптарының орындалуына ерекше назар аударылады.

Әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау, сондай-ақ мерзімді әскери қызметті өткеру жағдайлары жөніндегі мәселелер жақын уақытта Бас прокуратураның арнайы алқа отырысында қаралатын болады.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, 23 қаңтарда Абай облысы Жаңғызтөбе елді мекенінде орналасқан 47007 әскери бөлімде Түркістан облысы Өргебас ауылының тумасы, 20 жастағы сарбаз Қазыбек Оспанов қайтыс болды. Ресми дерек бойынша, ол өзіне оқ атқан. Алайда марқұмның туыстары ол өзіне қол салғанына сенбейді