Шымкентте ер адам әйел адамды пышақтап кеткен

Сырым Қаржас
istock

Шымкентте әйел адамды күндіз пышақтап кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қайғылы оқиға кеше түскі уақытта болған. Ер адам әйелді пышақтап, ол оқиға орнында жан тапсырды. Куәгерлер бірден полиция шақырған.

Шамамен жарты сағаттан кейін күдікті Қонаев даңғылы мен Терешкова көшесінің қиылысында байқалған. Тексеру кезінде ер адам полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен. Осыған байланысты тәртіп сақшылары қызметтік қару қолдануға мәжбүр болған.

Күдікті жараланып, ауруханаға жеткізілді. Кейін ол қамауға алынды.

Полиция департаментінің мәліметінше, алдын ала дерек бойынша, күдікті жәбірленушіге жеке араздық негізінде пышақ жарақаттарын салған.

- Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті жәбірленушіге өзара келіспеушілік салдарынан пышақ жарақатын келтірген. Ол ізін суытпай ұсталды, — деп хабарлады полиция өкілдері.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта адам өлтірудің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

БҰҒАН ДЕЙІН 

Еске салайық, бұған дейін Жаңаөзен қаласында ер адам дәрігерді пышақтап кеткен еді. Ауыр жарақат алған дәрігерді аман алып қалу мүмкін болмады.