Семейде қоқыс контейнерінен жаңа туған сәбидің мәйіті табылды

Сырым Қаржас
pixabay.com

Семей қаласында қоқыс контейнерінен жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазіргі уақытта Семейде аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, деп жазады abainewskz. Абай облысының полиция департаментінің мәліметінше, 3 ақпанда Әуэзов полиция бөлімінің кезекші бөліміне Семейдегі қоқыс контейнерлерінің бірінен жаңа туған баланың мәйіті табылғаны туралы хабар түскен.

Ақпарат түсе салысымен оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу жеткен. Алғашқы тергеу әрекеттері барысында 20 жастағы қыз анықталған. Ол баланы үйінде босанған. 

Сотқа дейінгі тергеу аясында нәрестенің денесін қоқыс контейнеріне тастаған ер адам да анықталды. Қыздың айтуынша, сәби өмір белгілерінсіз дүниеге келген.

- Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Нәрестенің денесі сараптамаға жіберілді. Сараптама қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданып, оқиғаға қатысы бар екі адамның да әрекетіне құқықтық баға беріледі, — деп мәлімдеді полиция өкілдері.