Жаркентте баласын батареяға байлап ұрған әйел жазадан құтылып кетті

Сырым Қаржас
Видео кадры

Жетісу облысында балаға қатыгездік көрсету ісі бойынша сот шешімі шықты. Панфилов аудандық соты 4 жастағы ұлын соққыға жықты деп айыпталған 28 жастағы әйелге қатысты материалдарды қарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Еске салайық, Нұркент кентінде әйел баласын батареяға байлап, ұрған. Қылмыстық іс қозғалғаннан кейін сот-психиатриялық сараптама тағайындалды. Мамандар әйелге мінез-құлқында айқын бұзылыстары бар жеңіл ақыл-ой кемістігі диагнозы қойылғанын анықтады. Сарапшылар оқиға кезінде оның өз әрекеттерінің мәнін түсінбегенін әрі оларды басқаруға қабілетсіз болғанын қорытындылады.

СОТ ШЕШІМІ

Сот оны қылмыстық жауапкершіліктен босатып, жалпы үлгідегі психиатриялық стационарға мәжбүрлі емдеуге жіберу туралы қаулы шығарды. Сондай-ақ оның денсаулық жағдайына байланысты сот процесіне қатыса алмайтыны және өзі мен айналасындағыларға қауіп төндіретіні атап өтілді. Әйелдің екі баласы Талдықорғандағы балалар мекемесіне орналастырылған. Оларға тәрбиешілер мен дәрігерлер қарауда, балалармен психолог пен логопед жұмыс істеп жатыр. Қорғаншылық органдары олардың әрі қарайғы тағдырын шешу үшін материалдар дайындауда.