Ақмола облысындағы Жібек жолы ауылында қанды қылмыс болғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Желідегі ақпарат бойынша, ер адам анасын, әкесін және қарындасын өлтірген. Сонымен қатар, ашық дереккөзөдегі ақпарат бойынша, олардың денесі үйдің ауласынан табылған.
Алайда полиция мәліметінше, Жібек Жолы ауылында болған кісі өлтіру дерегіне байланысты мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде түрлі болжамдар мен шындыққа жанаспайтын ақпараттар тарап жатыр.
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС
Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция қаза тапқан адам санын нақтыламады.
Полиция азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге және тексерілмеген мәліметтерді таратудан бас тартуға шақырады. Сондай-ақ көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделгенін ескертеді.