Дархан Сатыбалды Алматы халқы неге дауыс беруге аз келетінін айта алмады

Сырым Қаржас
Видео кадры

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды дауыс берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ол Ulysmedia тілшісінің “қала халқы неге дауыс беруге аз келеді?” деген сұрағына нақты жауап бере алмады.

- Себебін айтпай-ақ қояйық. Бірақ үгіт жұмыстары жүрді. Артық нәрсе айтсақ әкім үгім жүргізді деп жүрмесін. Бірақ уақыт көрсетеді. Кешке дейін күтейік. Келмеген адамдардан сұрайсыздар, – дейді әкім. 

Таулы қырат шағын ауданындағы №622 референдум учаскесінде дауыс берді. Азаматтық киімдегі адамдар журналистерді әкімге жақындатпай, итеріп жүрді.

Айта кетейік, кейінгі деректер бойынша, Алматы дауыс беруге атсалысқан 20 өңірдің ішінде 19-орында. Әзірше Алматы қаласы бойынша халықтың тек 9,54% дауыс берген.