Астанада сайлау учаскесінде бірнеше журналист ұсталды

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

Оқушылар сарайында орналасқан сайлау учаскесінде журналистер ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Олардың арасында «Азаттықтың» журналисі Жолдас Өрісбай бар. Сондай-ақ «Информбюро» тілшісінің де ұсталғаны хабарланды.

Ulysmedia.kz редакциясы бұл жағдайға қатысты түсініктеме алу үшін елордалық Полиция департаменті мен Ішкі істер министрлігіне жүгінді.

Қазіргі уақытта Астана қаласының Алматы аудандық полиция басқармасы Жолдас Өрісбайдың ұсталғанын Азаттыққа растады

"Қандай негізде ұстадыңыздар?" деген сұраққа "заңға қайшы әрекет істеді ме, істемеді ме, соны анықтап білеміз" деп жауап берген.