Алматының Астана алаңын полиция қоршауға алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Референдум өтіп жатқан тұста Алматының Астана алаңында полиция күшейтілді. Алаң маңында полиция қызметкерлерінің қарасы көп.
Ulysmedia тілшісі сөйлескен полиция қызметкері алаңда халықтың қауіпсіздігі үшін тұрғанын айтты.
Бұған дейін, референдум қарсаңында Алматыда және өзге аймақтарда “Жаңа Конституцияны сынаған” бірнеше белсенді ұсталғаны айтылған.