Қазақстандық теннисші 18 жастағы Әмір Омарханов Тунистегі ITF турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Қазақстандық Әмір Омарханов (№757 ATP) Монастир корттарындағы үстемдігін жалғастыруда. М15 сериясындағы турнирдің жартылай финалында отандасымыз неміс теннисішісі Лука Виденманнға еш мүмкіндік қалдырмай, 6:4, 6:1 есебімен сенімді жеңіске жетті.
Титул үшін таласта 18 жастағы Әмір Жаңа Зеландия өкілі Антон Шепппен (№910 ATP) кездеседі.
Қарсыласы рейтингте төменірек тұрғанымен, Шепп осы аптада бірнеше мықты ойыншыны жарыс жолынан шығарып, жақсы дайындығын көрсетті.