Ішінде балалар болған: Ақтауда лифт құлап кетті

Ulysmedia

Оқиға 17 шағын ауданындағы Aktau Plaza тұрғын үй кешенінде болған, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

фото: Ашық дереккөзден

Тұрғын үй кешені тұрғындарының айтуынша, ішінде адамдары бар лифт бірінші қабаттан шахтаға құлап кеткен, дейді «Лада».

«Онда кішкентай сәбилерін ұстаған жас аналар болды. Олар бұл төтенше жағдайдан қатты шошып қалды. Бұл неткен сұмдық? Бұл біздің үйдегі бірінші жағдай емес», - деп шағымданды үй тұрғындары.

Мәліметке сай, зардап шеккендер жоқ. Адамдар бір-біріне сыртқа шығуға көмектесті.

Тұрғындардың дерегінше, үй салған құрылысшы осы жағдайды біледі, бірақ ешқандай шара қабылдамайды.