Қашағанда жұмысшы қаза тапты

Ulysmedia

Қашаған мұнай-газ кен орнының "Д" аралында жұмысшы қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

"Caspiy Ak Zhelken мердігерлік компаниясының қызметкері кенеттен көз жұмды. Қазаның өндіріске қатысы жоқ. Компания марқұмның  отбасына, туыстарына көңіл айтады. Қызметкердің отбасына жан-жақты көмек көрсетілді", - делінген NCOC компаниясының хабарламасында.

Қайғылы оқиға 9 ақпанда болғаны хабарланды.

Айта кетейік, өткен аптада Теңіз кенішінде болған төтенше жағдай салдарынан бір жұмысшы қаза тапқан.