Көкшетауда жанармай бекеті операторының өліміне байланысты ҚР ҚК 292-бабы "Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТЖД мәліметінше, өрт себептерін нақтылау үшін өрт-техникалық сараптама және сот-медициналық сараптама тағайындалған.
"Анықтау органдары өрттің себебін, сондай-ақ кінәлі тұлғаларды анықтау бойынша барлық тергеу шараларын жүргізуде", - деді Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары Әсет Жақсылықов.
Еске салайық, кеше Көкшетау қаласының Солтүстік индустриялық аймағындағы «Qazaqoil» жанар-жағармай құю стансасында жанармай тасымалдайтын екі цистерна өртеніп, бекет қызметкері қаза тапты.