Қазақстанның 2 облысында жол жабық

Ulysmedia

Елдің 2 өңірінде ауа-райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

sputnik.kz

Бұл туралы  “Қазавтожол” мәлім етті.

Ұлттық оператордың мәліметтеріне қарағанда, Ақтөбе облысында «Самара-Шымкент» тасжолының Ақтөбе қаласынан Қарабұтақ ауылына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді.

Қарағанды облысында «Алматы-Екатеринбург» тасжолының Жұмабек ауылынан Балқаш қаласына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.