Ойылда төтенше жағдай жарияланды

Ulysmedia

Ақтөбе облысы Ойыл ауданында жергілікті ауқымда төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

taisoigan.kz

Бұл туралы аудан әкімдігі мәлім етті.

Әкімдік сайтындағы мәліметке сүйенсек, Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды аудан әкімі Асқар Қазыбаевтың өзі басқарады.

Ал, облыс әкімдігі ауданда 11 үйді су басқанын хабарлады.

«Су тасқынында 11 үйге су кірді. Оның үшеуі – бос тұрған үй. 2 үйдің дәлізіне зақым келген. 12 аула аумағын (сарай, қора) су шайды. Адам өлімі, мал шығыны жоқ», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұдан Қазақстанның екі облысында су басу қаупі жоғары екені хабарланған.