Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“Қазіргі уақытта үйінділердің астынан: 2000 ж.т. зардап шеккен әйел және 1994 ж.т. қайтыс болған азаматтың денесі алынды. Медициналық көмекке 12 адам жүгінді, оның ішінде 8 бала: 5 адам ауруханаға жатқызылды”, – делінген хабарламада.
Үйінділерді талдау бойынша жедел жұмыстар жалғасуда, 30-дан астам техника мен 300-ге жуық адам жұмылдырылды: құтқарушылар, оның ішінде кинологиялық есеп, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, жергілікті атқарушы органдар, жедел медициналық көмек және полиция қызметкерлері бар.
Еске салайық, бүгін таңертең Жаңаөзен қаласындағы 2-ші шағынауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйде газ жарылған. Оқиғаның салдарынан 11 адамның зардап шеккені хабарланды.