Ақтөбе орман шаруашылығы мекемесінің қызметіне тексеру жүргізген жергілікті прокурорлар 236 түп ағаштың заңсыз кесілгенін анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ақтөбе қалалық прокуратурасының аға прокуроры Земфира Кирбасованың айтуынша, өткен жылы облыстық табиғи ресурстар басқармасы мен ағаштарды кесумен айналысатын ұйым арасында іріктеп санитарлық кесу бойынша шарт жасалған. Заңнама талаптары бойынша, ұйымның міндеттеріне алдын-ала бөлу, сондай-ақ арнайы орман-патологиялық тексеру жүргізу кіреді.
"Алайда, бұл талаптарды орындамай, 236 тірі ағашты заңсыз кескен. Келген шығын 15 млн теңгеден асады", – дейді ол.
Дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.