Ақмола облысында көші-қон заңнамасын бұзған 25 шетелдік азамат жауапқа тартылды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Ақмола облысының полицейлері «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасын өткізіп жатыр, дейді polisia.kz.
Қоғамдық тәртіпті сақтау, заңсыз көші-қон фактілерін, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жіберетін Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзу фактілерін анықтау және жолын кесу мақсатында 1-10 қазан аралығында облыс аумағында «Мигрант» жедел алдын алу іс-шаралары жүргізіледі.
Жедел алдын алу іс-шарасын өткізген төрт күн ішінде облыстық полиция департаментінің мобильді топтары 370 тексеру шарасын жүзеге асырды. Соның нәтижесінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБК 517-бабы бойынша 25 шетелдік азамат әкімшілік жауапқа тартылды.