Еліміздің оңтүстігінде қар жауады - ауа райы болжамы

Ulysmedia

Қазгидромет Қазақстан бойынша 2021 жылдың 7-9 қыркүйегіне арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

фото: Ашық дереккөзден

«Солтүстік-батыс антициклонның әсерінен еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа-райы болжанады. Тек шығыс пен оңтүстіктегі ауа-райы циклонның ағып кетуінен жаңбырлы, қарлы болады деп күтіледі. Осылайша 7 қазан күні елдің шығысында қатты жауын-шашын болады. Сондай-ақ республика бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман, шығыста және орталықта — көктайғақ, төмен бұрқасын, батыста — шаңды дауыл күтіледі. Батыста және солтүстік-батыста күндізгі температура 10...18-ге дейін, солтүстікте, шығыста және орталықта 8...15-ке дейін, оңтүстік аймақтарда 15...20-ға дейін аздап жоғарылайды», - дейді синоптиктер.