Ақтауда көшелерінде есірген түлектер жол ережесін өрескел бұзған

Айнель Аянова

Ақтауда жол ережесін өрескел бұзған мектеп түлектерінің кортежі анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

видеодан кадр

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында 29 шағынаудандағы жолдардың бірінде мемлекеттік тіркеу нөмір белгілері жоқ, автокөлік құралын басқару кезінде қауіпсіздік белдігін қолданбаған жүргізушілер көзге түсті.

«Toyota RAV4, Hyundai Tucson автокөліктерінің жүргізушілеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-тің 590-бабы 2-бөлігімен әкімшілік хаттамалар жасақталды.

Ал көлік құралының артқы орындығындағы жолаушылардың қауіпсіздігіне немқұрайлылық танытып, құқық бұзушылыққа жол берген жүргізушілер әкімшілік кодекстің 593-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды», - делінген ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.