Биыл Қазақстанда газ қымбаттады

Ulysmedia

Биыл елімізде газ бағасы өзгеріп тұрды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

фото: Ашық дереккөзден

Биыл газдың көтерме және бөлшек бағаларының біраз өсуі байқалады. Мәселен, 2021 жылғы тоғыз айдың нәтижесі бойынша, Қазақстан халқы үшін тарату желілері бойынша тасымалданатын газ біраз қымбаттады. Былтырғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда баға 1,9%-ға өсті, дейді energyprom.kz.

Бұл ретте, жеке өңірлерде, керісінше бағаның төмендеуі байқалды. Мәселен, Қызылорда облысында - 1,3%-ға, Түркістан облысы мен Шымкент қаласында 0,3%-ға арзандады. Ақмола облысында жылдық қарқындағы баға өзгеріссіз қалды.

Бір жыл бұрын осыған ұқсас кезеңде (қаңтар-қыркүйек) секторда бөлшек сауда бағасының төмендеуі (минус 0,5%) байқалды, 2019 жылы да (минус 3%) солай болды.

Бұған дейін елімізде газдандыру көрсеткішінің 40% астамы екі өңірге ғана тиесілі екенін хабарлаған едік.