Тағы бір өңір «қызыл аймаққа» оралды

Ulysmedia

2021 жылғы 8 қазандағы жағдай бойынша ел аймақтарындағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жария болды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

фото: Ашық дереккөзден

Оған сәйкес, Ақмола облысы «қызыл аймаққа» оралды.

«Қызыл аймақта»: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары аймақта»: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.

«Жасыл аймақта»: Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстары.