Елімізде жан басына шаққандағы орташа табыс 116 мың теңгені құрады

Ulysmedia

2020 жылы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 116 126 теңгені құрады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

фото: Ашық дереккөзден

2020 жылы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары айына орта есеппен 116126 теңгені құрады және атаулы мәнде 2019 жылмен салыстырғанда 11,4%-ға өсті. Осы кезеңдегі тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызметтерге бағалардың 6,8%-ке өсімі кезінде халықтың нақты ақшалай табыстары өткен жылмен салыстырғанда 4,3%-ға жоғарылады.

2020 жылы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының мөлшері бойынша ең жоғары мәні Атырау облысында байқалды, онда осы көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 2 есеге жуық артты.

Табысы ең төмен өңірлер ретінде Түркістан облысы және Шымкент қаласы белгіленді, осы өңірлердегі халықтың табыс мөлшері орташа республикалық деңгейдің 55-65% құрады.

2020 жылы өңірлер бойынша халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстардың ең жоғарғы және ең төменгі шамасы арасындағы айырмашылығы 3,4 есені құрады (2019 жылы – 4 есе).