«АрселорМиттал Теміртау» шахтасында жұмысшы жарақат алды: Қылмыстық іс қозғалды

Ғалиасқар Думан

Қарағанды ​​облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» компаниясында болған төтенше жағдай фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

«Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 277-бабының 1-бөлігі «Тау-кен жұмыстарын немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп хабарлады Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, «Шахтинская» шахтасында ұңғыманың үстіңгі жағын үңгіп қазу барысында үйінді құлап, проходчикті жарақаттаған.