Түтіннің видеосы мен фотосын жергілікті әлеуметтік желіге таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Диапазон ақпарат көзіне сілтеме жасап.
“Қоқыс полигоны түнде тағы өртенді. Ауамен демалу мүмкін емес. Түтін иісі пәтерімізді алып кетті. Не сезіп отырғанымды сөзбен жеткізе алмаймын. Денсаулығым үшін алаңдаймын, демікпем бар едә. Атмосфера осылай ластанғанда менің приступым ұстайды", – дейді Батыс-2 шағын ауданында тұратын Екатерина.
"Шанхай" ауданын да түтін алып кеткен.
“Әбден мазамыз кетті. Полигон тағы өртеніп жатыр. Түтін Оңтүстік-Батыс, “Жаңа” және "Батыс-2” жаққа тарады. Өрт таралмас үшін топырақпен тез жабу керек", – дейді Евгений Лазарчук.
Жергілікті атқарушы органның хабарлауынша, өрт түнде басталған. Қазір ашық өртенбесе де бықсып, түтіндеп жатыр.