ИИДМ құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бейбіт Шаханов елдің ауызсумен қамтылу деңгейі жайлы айтты, деп хабарлайды ulysmedia.kz тілшісі.
«2020 жылдың қорытындысы бойынша, елдегі сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділік 94,1 пайызды құрады, оның ішінде ауылдарда - 90,1 пайыз, қалаларда - 97,5 пайыз. Аймақтарға келсек, мұнда Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау мен Атырау облыстарында қала халқы 100 пайыз сумен қамтылған. Ал суға ең төмен қолжетімділік бізде Жамбыл облысында болып тұр. Сондай-ақ ауылдық жерлерде ең жоғары көрсеткіш Алматы, Атырау және Қызылорда облыстарында. Ауылдық жерлерде ең төмен сумен жабдықтауға қолжетімділік Қостанай, Жамбыл, Шығыс пен Солтүстік Қазақстан облыстарында», - деді Шаханов ОКҚ брифингі барысында.
Маман мәліметінше, көрсеткіші төмен аймақтарға барынша көп қаражат бөлініп жатыр. Бұл артта қалған аймақтар көрсеткіштерін өсіруге мүмкіндік бермек.