Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазір Италияда ресми сапармен жүр. Мұнда Италия президенті Серджио Маттарелламен келіссөздер жүргізеді. LS-тің хабарлауынша, бұдан бөлек Қ.Тоқаев «Қазақстан – Италия» инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысады және ірі шетелдік компаниялардың жетекшілерімен кездеседі. Ал 19 қаңтарда Тоқаев Рим Папасы Францискпен жүздеседі.
Баяғы мұнай мен бидай
Қазақстан 2023 жылдың қаңтар-қараша айларында Италияға 22,7 млн тонна тауар экспорттаған, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30,4%-ға артық. Қазақстан бұл сауда-саттықтан 13,3 миллиард доллар табыс тапт Бұл ел Қазақстан мұнайын негізгі сатып алушылардың бірі. Яғни, жылына орта есеппен 22 млн тонна (29,3%). Бидай экспорты 2,5 есе өсіп, 496,6 мың тоннаға немесе 165,6 млн долларға жетті. Сонымен қатар, Қазақстан Италияға 51,7 мың тонна ферроқорытпа (+6,1%), 51,9 мың тонна көмір, 3 мың тонна фанера (+5,9 есе) және 385 тонна титан (+2,2 есе) сатты. Бұл ретте өңделмеген алюминий экспортының көлемі азайған. Құбыр, крандар мен бульдозерлер 5 есе, бағалы металдарды сату 2 есе азайған.
Италия тракторлары көбейеді
Бұл ретте Италиядан келетін тауарлар 23,2%-ға өсіп, сауда-саттық құны 1,1 млрд долларға жетті. Қазақстан бұл елден фармацевтикалық өнімдерді көбірек сатып ала бастады. Тағамдық қоспалар (БАД) мен витаминдер – 2,6 есе, косметика мен парфюмерия 7,7%-ға артқан. Қара металл құбырларының импорты да – 5,3 есе өсті; резервуарларға арналған крандар мен клапандар – 29,9%-ға дейін; тракторлар – 2,2 есе артқан. Енді Италия шаруалары мінетін тракторларды еліміздің ауылшаруашылығы саласында көбірек байқаймыз.
Шоколад пен шарапқа сұраныс артты
Қазақстандықтар үшін итальяндық шоколад пен виноның қадірі артып тұр. Біз соңғы уақытта олардан 1,1 мың тонна (+2,3 есе) шоколад пен жүзім шарабын (5,1 мың тонна) көбірек сатып ала бастаппыз.
Сәнді киімге сұраныс азайған
Ал киім-кешек жеткізу, керісінше, 8,5%-ға – 259,5 мың данаға қысқарды. Бұған қарап қазақстандықтар арасында Италияның сән брендтеріне деген қызығушылық азайды деп топшылауға болады