Қазақстанның ең басты сауда серіктесі: Ресейдің орнын Қытай басты

Аян Өрібай

Қазақстанның сыртқы саудасындағы негізгі трендтер анықталды. 2023 жылдың 11 айында Қазақстанға келетін импорт көлемі 54,6 млрд долларға жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: ulysmedia.kz.

Ақпарат қайда жарияланды

Экономикалық зерттеулер институтында сарапшы Ернар Серік Қазақстанның сыртқы саудасындағы трендтердің бестігін атады.

Тауар айналымындағы рекордтар

Бірінші кезекте екінші жыл қатарынан рекордтық тауар айналымы байқалады: 2023 жылдың 11 айында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 125,9 млрд долларға жеткен.

Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,2% көп екендігі нақтыланды.

– Айта кетейік, бұл сыртқы әлеммен сауданың рекордтық көлемі, ол импорттың 20,4% ұлғаюымен байланысты, ал елдің экспорты 8,5% - ға төмендеді, - делінген басылымда.

Импорттағы рекордтар

Сондай-ақ, сарапшы импорт төртінші жыл қатарынан рекордтарды жаңартып отырғанын атап өтті: 2023 жылдың 11 айында Қазақстанға импорт 54,6 млрд долларға жеткен.

Аталған көрсеткіш 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,4% көп.

– Бұл шетелден елге автомобильдер мен жоғары технологиялық тауарларды жеткізуді ұлғайту арқылы өскен импорттың рекордтық көлемі, – делінген басылымда.

Ресей енді басты серіктес емес

Бұл 2022 жылы болған геосаяси өзгерістерге байланысты Ресей енді басты серіктес болмай шықты.

– 2022 жылға дейін елдің негізгі сауда серіктесі Ресей еді. Оның үлесі жыл сайын 20-24% дейін жететін. Алайда 2022 жылғы геосаяси өзгерістер қазір Қазақстанның 2023 жылғы бас сауда серіктесі (Ресей үлесі 19%) 22% үлесі бар Қытай болып шықты, - деп атап өтті сарапшы.

Экспорт неге құлдырады?

– Қазақстан экспорты 11 айда 8,5% азайып, 71,3 млрд долларға дейін төмендеген. Бұл бірінші кезекте мұнай кірістерінің 12,4%, яғни, 38,3 млрд долларға дейін төмендеуімен байланысты. Бұл ретте тоннада қазақстандық мұнай экспорты 7,2% – 60,5-тен 64,9 млн тоннаға дейін өсті, - делінген басылымда.

Тағы қандай көрсеткіштер төмендеді

Сондай-ақ, шикізаттық емес тауарлардың экспорты төмендегені хабарланды.

Мысалы, негізгі металдардың шетелдік сатылымы 9,3% – 12,4 млрд долларға дейін төмендеген. Ал мұнай өңдеу өнімдерінің экспорты 34,2%, яғни 1,5 млрд долларға дейін қысқарған.